Вход на сайт

Поиск

Календарь

«  Май 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 49

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Пятница, 19.04.2024, 09:16
Приветствую Вас Гость | RSS
"ЮЖАНКА"—информационно-равлекательный сайт
Главная | Регистрация | Вход
Блог


Главная » 2017 » Май » 29 » Коррупция – қоғам індеті
14:48
Коррупция – қоғам індеті

Коррупция – қоғам індеті

і

Қазақстан Республикасы мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің беделін көтеру бағытында ауқымды  жұмыстарды атқарып келуде.

Тілшіміз саладағы тәжрибелі маман,  дапартамент басшысының орынбасары Айбек Шілмановтан осы тақырыпта сұхбат алды.

 

–  Департамент тарапынан Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша ағымдағы жылда қандай нақты шаралар жүзеге асырылды?

 

–  2015 жылдың 23 қарашасында жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Аталған заң, Елбасымыздың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының» (бұдан әрі - Қадам) алғашқы 15 қадамымен сәйкестендірілген. Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі мемлекеттік қызметке деген сенімді арттыруда. Мансаптық модель енгізілгеннен кейін қызметшілердің таза ауысымдылығы яғни  4  есеге жуық төмендеген.

Оған дәлел – 2015 жылы –891 адам мемлекеттік қызмет жүйесінен кетсе, 2016 жылы – 233 адам кеткен.

2016 жылы мансаптық өсу негізінде лауазымында жоғарылағандар саны 2015 жылға қарағанда 12%-ға арттырылған. 

Оңтүстік Қазақстанданда 8700 мемлекеттік әкімшілік       қызметшінің 6638-і  кешенді аттестаттаудан өтті. Кешенді аттестаттауға байланысты Департамент тарапынан барлық аудан, қалаларда кездесулер өткізілді.

Одан бөлек, мемлекеттік орган басшыларымен және  персоналды басқару қызметтері басшыларымен бірнеше рет кездесу ұйымдастырылып,  түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, аттестаттау комиссияларының мүшелері өңірлік оқыту орталығы базасында оқытылды (200-ге жуық адам).

Аттестталушыларға көмек ретінде Агенттікпен дайындалған Әдістемелік Ұсыным, аттестаттауға қатысты нормативтік-құқықтық актілер және әңгімелесу өткізудің алгоритмі Департаменттің memkyzmet.kz  сайтында  орналастырылып,  «Аттестаттау 2017» арнайы айдары ашылды.

Облыста 65 аттестаттау комиссиясы құрылған (16-сы жергілікті атқарушы органдарда, 49-ы орталық органдардың аумақтық департаменттерінде).

Қазіргі таңда тестілеу кезеңі толықтай аяқталды.

Тестілеу нәтижесінде 27% - «өте жақсы», 69,5%  - «тиімді», 3,3%  - «қанағаттанарлық», 0,2%  - «төмен» деген нәтижені көрсетті.

Жоспарға сәйкес, аттестаттаудың әңгімелесу кезеңі 14 наурызда басталып, 24 мамырда аяқталды.

Аттестаттаудың әңгімелесу кезеңі бірқатар мемлекеттік органдар үшін басталды (ОҚО Соттар әкімшілігі, Мемлекеттік кірістер департаменті, облыс әкімі аппараты).

Аттестатталушылардан тиісті комиссияның іс-әрекетіне қатысты қандай да бір шағым түскен жағдайда, мәселені шұғыл қарау мақсатында Департамент және ОҚО прокуратурасымен бірлескен мобильдік топтар құрылды.  Аудан, қала, облыс орталығына бекітілген бұл мобильдік топтардың саны – 8.

Азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын  қорғау мақсатында Департаменттің 51-51-51 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасауда.

Енді мемлекеттік қызметке кіруге үміткерлер мен мемлекеттік қызметкерлер  memkyzmet.kz  сайтты смартфондарына мобильдік қосымша арқылы жүктеп алып, кейін интернетке кірмей-ақ, мемлекеттік қызметке кіру тәртібін, облыстың мемлекеттік органдарымен көрсетіліп жатқан қызмет көрсету тізбесін, мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесін, заңнамалар жиынтығын мен тестілеу  және басқа да мәліметтерді алуына болады.

 

–  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қандай шаралар қолданылуда?

 

–  Өздеріңізге белгілі, биылғы Жолдауда Елбасы: «Біз елдегі сыбайлас жемқорлық  деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр».  Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты деп атап өтті.

 Осыған сәйкес, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Департаментпен 147 іс-шара өткізіліп, 13 954 адам қамтылды.

  Облыстың барлық аудан-қалаларында  «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы автокөліктегі мобильдік топ құрылды. Мобильді топтың құрамына «Нұр Отан» партиясы, мемлекеттік  және үкіметтік емес ұйымдар мен  басқа да қоғамның белсенді өкілдері енді.

2017 жылдың 21 наурыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың Түркістан қаласының «Есімхан» алаңында халықпен алғаш кездесуі өтті.  Іс-шараға 300-ден аса адам қатысты. 

2017 жылдың І тоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ  5 кездесу өткізіп, 837 адамды қамтыды. 

Сонымен қатар, тағы бір үлкен іс-шара 2017 жылдың наурыз айынан бастап Агенттікпен сынамалы тәртіпте «Есіктен есікке» бағдарламасы іске қосылды. Сәуір айында  ОҚО бойынша  557 000 үйге таратылған коммуналдық қызметтер үшін төлем түбіртектерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл беру жадынамалары жарияланып,  таратылды. (Шымкент қаласы бойынша 197000 үйге және аудандардағы 360000 үйге).

Қазіргі таңға ОҚО-да  30 мыңға жуық плакаттар ілінді және азаматтарға қолма қол таратылды. Қала маршруттарында  плакаттар жабыстырылды.

Қаламыздағы 4 кинотеатрда («CINEMAX Shymkent Multiplex»,  «Арсенал», «RAHIMA PLAZA», кинозал «Азия 3D») күнделікті сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты бейнероликтер көрсетілуде.

3 LED экрандар мен 70 қоғамдық көліктерде және Қонаев даңғылындағы 30 жарықдиодты экрандарда (светодиодные экраны) 20 реттік жиілікпен сыбайлас жемқорлыққа қатысты бейнероликтер көрсетілуде.  

Сонымен қатар, облыстық «Қазақстан-Шымкент», «Отырар», «Айғақ»,  «Nar tv», «TVK» телеарналарында да аталған бейнероликтер көрсетілуде.

Сонымен қатар, департамент тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және талдау жұмыстары жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады. Мониторинг – бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, әлеуметтік сұрау жүргізу деректері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздеріне сүйеніп жасалынады. Мониторинг қорытындысы талдау жүргізуге кейде себеп болуы да мүмкін.

Талдау дегеніміз – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал етітін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.

2017 жылдың 4 айында департамент тарапынан 3 салада (7 мекемеге) сыртқы талдау жүргізілді. Жыл басында құрылыс, архитектура және қала құрылысы салаларында, яғни, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, сәулет және қала құрылысы басқармасы және Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде талдау жүргізілді. 

Ақпан-сәуір айлары аралығында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен

бірлесе жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алуларына талдау жүргізілді. Яғни, облыстық  мемлекеттік сатып алу басқармасы мен денсаулық басқармасы және Шымкент қалалық білім бөлімдерінің мемлекеттік сатып алуларына талдау жүргізілді. Қорытындысы бойынша жиналыс өткізіліп, талқыланды.

2017 жылдың наурыз айында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе өрт қауіпсіздігі саласына, атап айтқанда, облыстық төтенше жағдайлар департаментіне талдау жүргізілді. Қорытындысы бойынша жиналысты маусым айында өткізу жоспарлануда.

 

–  Сыбайлас жемқорлық фактілерімен ұсталып, жазаланғандар бар ма?

 

–  Жоғарыда айтып кеткенімдей,  департамент тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және талдау жұмыстары жүргізіледі.                            І тоқсандағы мониторинг қорытындысы көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 11 тұлға сотталды.

 

–   Жемқорлыққа байланысты фактілер туралы хабарлағандарға сыйақы мөлшері қанша?

 

–    ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» №1131 қаулысына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленді.
Біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК;

3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК;

4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК;

5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК.

Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.
 Қөтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

 –   Өзіңіз туралы қысқаша мағлұмат берсеңіз.

 

 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітіргенмін. Білімім – жоғары. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім - 11 жыл. Еңбек жолымды           2005 жылы ҚР ішкі істер органдарынан бастап, кейінгі жылдары Агенттіктің жүйесінде қызмет атқарып келемін.  2016 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарамын.

Отбасылымын, 1 қыз, 1 ұлым бар.

 

–  Сұхбатыңыз үшін рахмет.

 

Малика ЭЛЬТАЕВА.

 

Просмотров: 818 | Добавил: lenger | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 3
3 Hkfshl  
0
buy lipitor 10mg generic <a href="https://lipiws.top/">lipitor 40mg generic</a> purchase lipitor

2 Yolvpz  
0
atorvastatin 40mg pills <a href="https://lipiws.top/">purchase atorvastatin generic</a> how to buy atorvastatin

1 Ortkjs  
0
brand atorvastatin <a href="https://lipiws.top/">order atorvastatin 40mg pill</a> lipitor online order

Имя *:
Email *:
Код *:

Copyright MyCorp © 2024