Вход на сайт

Поиск

Календарь

«  Ноябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 49

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Среда, 23.01.2019, 23:58
Приветствую Вас Гость | RSS
"ЮЖАНКА"—информационно-равлекательный сайт
Главная | Регистрация | Вход
Блог


Главная » 2016 » Ноябрь » 7 » Өзбек этномәдени орталығы
09:17
Өзбек этномәдени орталығы

 

Өзбек этномәдени орталығы

 

Астана қаласында Өзбек этномәдени орталығы Тараз қаласының белсенділері, қазіргі уақытта ҚР этномәдени қоғамдық бірлестіктер қауымдастығының төрағасы Гафур Қасымов пен «Дустлик» қауымдастығы басқармасының мүшесі Абдурахман Зайнутдиновтердің бастамасымен құрылды. 

2006 жылдың 10 тамызында Астана қаласында өзбек қоғамын құру бойынша жиналыс өткізілді. Оған 75 адам қатысып, «Астана қалалық Өзбек ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігін құру мәселесі қаралды. Қоғамдық бірлестік 2007 жылдың 14 сәуірінде Астана қаласының ҚР Әділет департаментінде ресми түрде тіркелді.

2010 жылдың 20 маусымынан бастап төраға қызметіне Шерзод Пулатов тағайындалды. 2010 жылдың 22 қазанында бірлестік атауын «Астана қалалық Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі етіп өзгертуіне байланысты ҚР әділет органдарында қайта тіркелді.

Орталықтың мақсаты – өзбек тілін дамыту, өзбек этносының қоғамдық-саяси саладағы белсенділігін арттыру, Астана қаласында және Қазақстанның барлық өңірінде тұратын өзбек этносы өкілдерін төл мәдениетін сақтау және дамытуға жұмылдыру, жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

«Астана қалалық Өзбек этномәдени орталығы» ҚБ коммерциялық қызметпен айналысатын бірлестік емес, демеушілердің көмегімен немесе мүшелердің қаржысы арқылы табыс табады. Сондай-ақ, Астана қаласының әкімдігі мен Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы жан-жақты қолдау білдіріп, басқа орталықтармен бірдей көмек көрсетуде.

Елордада тұратын өзбек ұлтының өкілдеріне классикалық би, ұлттық музыка аспаптарын, ән айтуды үйрету үшін Астана әкімдігі арнайы ақы төленетін қызметтер бөлген. Шетелдік әртістер мен мамандарды шақыруға мұқтаждық туған жағдайда Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы оларды көші-қон органдарында тіркеуде жедел көмек көрсетеді.

Астана қаласының әкімдігі жексенбілік мектептер құрып, оларды жүргізу үшін барлық жағдайды жасап отыр. Ол мектептерде әр түрлі ұлт өкілдері ана тілін, мәдениеті мен дәстүрін үйрене алады.

Астана қаласындағы Өзбек этномәдени орталығының өткен жылы өткізген шаралары:

–  6 ақпанда ҚХА ашылуында ұйымдастырылған көрмеге белсене атсалысты;

– 28 ақпанда республикалық деңгейдегі «Менің Қазақстаным» фестивалінде мемлекеттік тілде ән орындаған бірлестік әншісі Сангина Шарипова бірінші орынға ие болды;

– 19 наурызда  Еуразия ұлттық университетінде өткен «Наурыз» мерекесіне белсене атсалысты;

– 1 мамырда Өзбек этномәдени орталығы «Қазақ елі» алаңында елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік палау ұсынды;

– 13 мамырда «Жерұйық» саябағында өзбек этномәдени орталығының есептік концерті өтті;

– 17 шілдеде елордадағы «әл-Ғани» мешітінде «Рамазан айт» мұсылман мерекесіне орай, «Үлкен ел – үлкен отбасы» қайырымдылық шарасын өткізді.

Жоғарыда аталған шаралар – бірлестік мүшелері ұйымдастырған мәдени шаралардың бір парасы ғана. Бірлестік биыл өзбек халқының тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін жәдігерлер және кітаптар қойылатын жексенбілік мектеп ашуды жоспарлап отыр.


Әзірлеген – Жансая ТӨЛЕГЕН

Суреттер Өзбек этномәдени орталығынан алынды

 

Просмотров: 137 | Добавил: lenger | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

Copyright MyCorp © 2019